Прокуратура қызметкерлері арасында футболдан турнир

Прокуратура қызметкерлері арасында футболдан турнир

Жыл сайын 6 желтоқсанда Қазақстанда кәсіби мереке – Прокуратура күні атап өтіледі. Биыл прокуратура органдарының құрылу күніне орай облыс прокуратурасы органдарының қызметкерлері арасында шағын футболдан өңірлік турнир ұйымдастырды.

Турнир ағымдағы жылдың 25-26 қарашасында Тобыл қаласындағы «Астана» спорт кешенінде өткізілді. Жарысқа 9 команда қатысты, оның құрамына облыс прокуратурасының, 20 қалалық, аудандық прокуратуралардың, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі облыстық басқарманың, әскери және көлік прокуратураларының 90 қызметкері кірді.

Жарысқа қатысушыларға облыс прокурорының міндетін атқарушы Марат Сматов құттықтау сөз сөйледі. Ол турнир тек прокуратура органдарының құрылуына ғана емес, сонымен қатар тарихи оқиғаға да арналғанын, 5 қарашада Мемлекет басшысы «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойғанын атап өтті.

Турнирдің құрметті қонақтары арасында облыс прокуратурасы органдарының Ардагерлер кеңесінің төрағасы  Б.Қ. Нағұманов, Қазақ КСР Бас Прокурорының бірінші орынбасары Иван Васильевич Кацайдың немересі - А.В. Плеханов, Қостанай облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының бастығы Марат Қайыбжанов, Қостанай ауданының әкімі Жансұлтан Таукенов және прокуратура ардагерлері қатысты.

Қазақ КСР Бас Прокурорының бірінші орынбасарының немересі И.В. Кацайдың туғанына 100 жыл толуына орай облыс прокуратурасының мұражайына Иван Васильевичтің өмірі мен жұмысының тарихи фотосуреттерін тапсырды.

Турнир қорытындысы бойынша Қостанай облысы прокуратура органдарының шағын футболдан Кубогының иегері құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті басқармасының, әскери және көлік прокуратураларының құрама командасы болды, екінші орынды Қостанай қаласы прокуратурасының командасы және үшінші орынды облыс прокуратурасының командасы иеленді.

Ең үздік ойыншылар марапаттарға ие болды, қатысқан спортшылардың ешқайсысы назардан тыс қалмады және естелік жүлдерелерге ие болды.

 

Қостанай облысының прокуратурасы