Облыс прокурорының дөңгелек үстелде қатысуы туралы

Облыс прокурорының дөңгелек үстелде қатысуы туралы

2022 жылғы 22 қарашада облыс прокуроры Б.Р. Абилов Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы В.В. Волковтың төрағалығымен «Сот жүйесін одан әрі реформалау» тақырыбында облыстық сот өткізген «дөңгелек үстелге» қатысты.

Іс-шараға облыстық соттың басшылығы, қалалық және ауданаралық мамандандырылған соттардың төрағалары мен судьялары, облыс прокуратурасының қызметкерлері, «Заңгер» заң консультанттары палатасының, облыстың заң консультанттары палатасының, облыстық адвокаттар алқасының өкілдері, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің заңгер-ғалымдары қатысты.

«Дөңгелек үстелде» Берік Абилов қатысушыларды құқық қорғау және сот жүйелерін жетілдіруге бағытталған заңнамадағы соңғы өзгерістер туралы хабардар етті, «Прокуратура туралы» Конституциялық заңның новеллаларына және қылмыстық процестің үш буынды моделін іске асыруға тоқталды.

 

Қостанай облысының прокуратурасы