Облыс прокуратурасы алқасының кеңейтілген отырысы өтті

Облыс прокуратурасы алқасының кеңейтілген отырысы өтті

2022 жылдың 27 қазанында облыс прокуроры Берік Абиловтың төрағалығымен облыс прокуратурасы алқасының кеңейтілген отырысы өтіп, онда сотталғандарды еңбекпен қамту бойынша уәкілетті органдармен қабылданып жатқан шаралардың заңдылығы мен тиімділігінің жай-күйі қаралды.

Алқа жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ.Т. Нұрмұхамбетов, облыстық қылмыстық-атқару жүйесі мен полиция департаменттерінің, Ш. Кабылбаев атындағы ІІМ Қостанай академиясының, «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлер палатасының, «Еңбек-Қостанай» РМК филиалының, облыстық білім беру, денсаулық сақтау мен жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылығы қатысты.

Бейнеконференц-байланыс арқылы аумақтық әкімдіктер, жергілікті полиция мен пробация қызметтерінің бөлімшелері қатысты.

Отырысты аша отырып, облыс прокуроры сотталғандарды қайта әлеуметтендіру, оларды қоғамға біріктіру мәселелері барлық мемлекеттік органдардың назарын талап ететінін және өңірдегі қылмыстың жай-күйіне тікелей әсер ететінін атап өтті.

Отырыста прокурорлық тексерулердің нәтижелері мен сотталғандарға жұмысқа орналастыру және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша уәкілетті органдар тарапынан қабылданатын шаралар тыңдалды.

«Атамекен» ҰКП-ның жұмыс орындарын құруға, түзеу мекемелерінде жаңа өндірістер ашуға бизнес-қоғамдастықты тарту бойынша ресурстарын пайдалану мүмкіндігіне ерекше назар аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар нақты шаралар, оның ішінде барлық уәкілетті органдардың өзара іс-қимыл тетігі және бірлескен іс-шаралар жоспары қабылданды.

 

Қостанай облысының прокуратурасы