Қадағалау актісі бойынша мұғалімдерге үстеме ақы төленді

Қадағалау актісі бойынша мұғалімдерге үстеме ақы төленді

Амангелді ауданының прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуына өткізілген талдаудың шеңберінде аудандық білім беру бөлімінің тарапынан 58 мұғалімнің құқықтарының бұзылғанын анықтады.

       Атап атйқанда, 2016-2018 ж.ж. аралығында ауданның білім беру мекемелерімен мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмысқа байланысты заңмен көзделген үстемақы төленбеді.

       Қадағалау актісі бойынша белгіленген қызметкерлерге тиесілі жалпы сомасы 2 млн. теңге көлеміндегі қаражат төленген болатын.

 

 

 

Қостанай облысының прокуратурасы