Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты іс-шара

Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты іс-шара

Қазақстан Республикасының Конституция күні қарсаңында Қостанай облысы прокуратурасының 10 жас қызметкері салтанатты түрде ант қабылдады.

         Облыс прокуроры Берик Абилов жас қызметкерлерге жұмыста заңдылық пен әділеттілік қағидаттарын ұстануға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау үшін жүктелген міндеттерді адал орындауға тілек білдірді.

         Ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.К. Нагуманов прокуратура органдарына қызметке қабылданған әрбір қызметкердің өміріндегі ең салтанатты және есте қаларлық сәттердің бірі ретінде ант қабылдаудың маңыздылығы туралы айтып берді.

         Сондай-ақ, салтанатты түрде заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайтуға сіңірген еңбегі үшін облыс прокурорының орынбасары Б.А. Бекбосынов І дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен, облыс прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасының аға прокуроры Е.К. Рахаделов, облыс прокурорының көмекшісі Н.Г. Капанадзе, облыс прокуратурасы қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының аға прокуроры А.Б. Ахметова ІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталды.

         «Әділет кеңесшісі» деген кезекті сыныптық шені облыс прокуратурасы үкімдерінің орындалуын қадағалау басқармасының бастығы Р. И. Гиндулинге берілді. 

         Салтанатты іс-шара облыс прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасының бастығы А.И. Кравченкоға, облыс прокурорының аға көмекшісі-Мемлекеттік құпияларды қорғау тобының жетекшісі З.Б. Бакироваға, Науырзым ауданының прокуроры Е.Б. Мусафировқа,  мемлекеттік айыптауды қолдау және облыс прокуратурасының апелляциялық сатысына қатысу басқармасының аға прокуроры Е.А. Айтбаевқа, Қостанай қаласы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің бастығы Е.С. Басмурзинге, «Үздік айыптау актісі және дайындалған қадағалау актісі» конкурсының номинанттары Қостанай қалалық прокуратурасының аға прокурорлары Е.Б. Кунековке, Д.Ж. Байдильдиновқа және Рудный қалалық прокуратурасының аға прокуроры С. А. Жаксыбаевқа алғыс жариялаумен аяқталды.

 

        Қостанай облысының прокуратурасы