Сенатор В. В. Волков Қостанай қаласының прокуратурасына барды

Сенатор В. В. Волков  Қостанай қаласының прокуратурасына барды

2022 жылғы 26 тамызда Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Владимир Волков Қостанай қаласы прокуратурасының ұжымымен кездесу өткізді, онда конституциялық реформаның негізгі ережелері жеткізілді, әзірленіп жатқан «Прокуратура туралы» Конституциялық заңда прокуратура органдарының құқық қорғау әлеуетін күшейту бойынша қабылданған шаралар талқыланды.

Облыс прокуроры Берик Абилов заңдылықты сақтау  бойынша қадағалау жұмыстарын жүргізу туралы баяндады, онда соңғы уақытта күдіктілер мен қылмыстық процестке басқа да қатысушылардың конституциялық құқықтарын азаптаудан және тергеудің рұқсат етілмеген әдістерінен қорғауға ерекше назар аударылды.

Сенатор Владимир Волков прокурорлардың мәртебесін Конституциялық заң деңгейінде бекіту құқық қорғау әлеуетін нығайтып және күшейтіп қана қоймай, прокурорлардың қоғам алдындағы жауапкершілігін де арттыратынын атап өтті.

Кездесу соңында Сенат депутаты жергілікті жерлерде жүргізіліп жатқан қадағалау жұмыстарының маңыздылығын атап өтіп, қала прокуратурасының ерекше көзге түскен қызметкерлеріне алғыс айтты, олардың жұмысы туралы өңір тұрғындарының хаттары мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар арқылы мәлім.

 

Қостанай облысының прокуратурасы