Рудный қаласының прокуроры тағайындалды

Рудный қаласының прокуроры тағайындалды

Бас прокурордың а.ж. 23 тамыздағы бұйрығымен Рудный қаласының прокуроры лауазымына әділет полковнигі Акбар Айжанович Абдильдин тағайындалды.

А.А. Абдильдин прокуратура органдарындағы қызметін 2000 жылы Рудный қаласы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастады.

Әр жылдары Қазақстан Республикасының прокуратура жүйесінде түрлі лауазымдарды атқарды.

Осы уақытқа дейін Бас әскери прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының аға әскери прокуроры болып жұмыс істеді.

Құқық қорғау органдарындағы еңбек өтілі 22 жыл.

 

Қостанай облысының прокуратурасы