Бизнестің бақылау тақтасы

Бизнестің бақылау тақтасы

2022 жылғы 26 шілдеде облыс прокуроры Берік Әбілов Қостанай облысында кәсіпкерлікиті дамыту мәселелеріне арналған «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлік палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорплыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты.

Отырыс барысында облыс прокуроры Кеңес мүшелерін- Парламент Мәжідісінің депутаттарын, орталық мемлекеттік органдардың басшыларын, бизнес-қоғамдастық пен БАҚ өкілдерін бизнес субъектілерін қорғау саласында жүргізіліп жатқан қадағалау жұмыстары туралы хабардар етті.

Облыстың әрбір өңірінде кәсіпкерлердің құқықтарының бұзуылуына жедел ден қою үшін прокуратураның басшылығымен және уәкілетті органдардың қатысуымен мобтльдік топтар құрылды.

Жыл басынан бері мобильдік топтарға 214 өтініш келіп түсті, енгізілген 147 қадағалау актісі бойынша 2 463 кәсіпкердің құқықтары қорғалды, 30 тексеру және жалпы сомасы 1,7 млн. теңгеге айыппұл сала отырып, 79 әкімшілік қаулы жойылды.

Жіберілген бұзушылықтар үшін әр түрлі жауаптылыққа 27 лауазымды тұлға тартылды.

Мысалы, прокуратураның араласуынан кейін 87 шаруаға 678 млн. теңге сомасында субсидия төленді, сондай-ақ 144 бизнес субъектілерінің шоттарына шектеу алынып тасталды.

Бизнесті қылмыстық қудалау шеңберінде негізсіз тартудан қорғау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қабылданған ден қою шараларымен ақтайтын негіздер бойынша 6 қылмыстық іс қысқартылды.

Прокуратураның ерекше бақылауында бизнесті қорғау бойынша жұмыс.

 

Қостанай облысының прокуратурасы