Облыс прокуратурасының алқа отырысында 2022 жылдың 1-жарты жылдығындағы жұмыс қорытындысы шығарылды

Облыс прокуратурасының алқа отырысында 2022 жылдың 1-жарты жылдығындағы жұмыс қорытындысы шығарылды

21 шілдеде облыс прокуратурасының алқа отырысында 2022 жылдың 1-жарты жылдығындағы жұмыс қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған міндеттер анықталды.

Алқа отырысын ашқан облыс прокуроры Берік Әбілов, жалпы, жергілікті билік пен басқару органдарының, құқық қорғау, арнайы және өзге де мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы мен үйлестіру нәтижесінде өңірде заңдылық, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілгенін атап өтті.

Үйлестіру кеңесінің және облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия деңгейінде қабылданған ұйымдастыру шаралары алдын алу жұмысының тиімділігін арттырды.

Нәтижесінде жалпы қылмыстың 22%-ға төмендеуі, 10 мың тұрғынға шаққанда қылмыс деңгейі өткен жылғы 111-ге қарағанда 87-ні құрады, рейтингтік кестеде облыс 3-ші орыннан 6-шы орынға ауысты.

Қылмыстық құқық бұзушылықтардың барлық санаттары бойынша теріс қылықтардан аса ауыр қылмыстарға дейін, іс жүзінде қылмыстың барлық түрлері бойынша, оның ішінде кісі өлтіру 50%-ға, кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығы 48%-ға, алаяқтық 36%-ға, мал ұрлығы 26%-ға, ұрлық 15%-ға төмендеді.

Әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлар 5 мың азаматтың, 2,4 мың кәсіпкердің конституциялық құқықтарын қорғады, мемлекет кірісіне 1,4 млрд. теңге өтелді, ауданы 21 мың гектар, құны 332 млн. теңге болатын 48 пайдаланылмайтын жер учаскесі және құны 54 млн. теңге болатын 14 тұрғын үй объектісі қайтарылды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша мемлекеттік органдардың заңсыз қаулыларына 456 наразылық қанағаттандырылды.

Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау саласында 145 борышкер әкімшілік жауапкершілікке, алимент бойынша 17 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды, 359 млн.теңге сомасына берешек өтелді, оның ішінде мемлекеттік кірісіне 275 млн. теңге, алимент бойынша 81 млн. теңге және жалақы бойынша 3 млн. теңге өндірілді.

Қылмыстық қудалау желісі бойынша қызметтік үй-жайлардан 3 сағаттан астам заңсыз ұсталған 16 адам, уақытша ұстау изоляторынан 4 адам босатылды.

Қаңтардағы оқиғалар бойынша 5 адамға қатысты 2 қылмыстық іс тергеліп, сотқа жолданды, олар бойынша сот шешімдері болды, тұлғалар кінәлі деп танылып, сотталды, шешімдер заңды күшіне енген жоқ.

Қылмыстық процесті цифрландыру бойынша жұмыс жалғастырылды, 4,6 мың қылмыстық іс электрондық форматта немесе барлық тіркелгендердің 92%-ы тергелді.

Соңында облыс прокуроры өңірдегі қылмыс деңгейін төмендету бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты жалғастыру, азаптаулар мен тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін алып тастап, қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын бақылауға алу, бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғау, заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару, олигополияны және экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруды анықтау бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.

 

Қостанай облысының прокуратурасы