Парламент Мәжілісінің депутаты М.М. Магеррамовтың прокуратура ұжымымен кездесуі

Парламент Мәжілісінің депутаты  М.М. Магеррамовтың прокуратура ұжымымен кездесуі

2022 жылдың 5 шілдесінде Парламент Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Магеррам Магеррамовтың облыс прокуратурасының басшылығымен және Қостанай ауданы прокуратурасының ұжымымен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Мәжіліс депутаты адвокаттық қызметті жетілдіру бойынша заңнамалық жұмыс барысын прокуратура ұжымына жеткізіп, алименттерді өндіріп алу мен сотталған адамдарды қайта әлеуметтендіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижелерімен танысты.

Сонымен қатар, прокуратураның бастамасымен Мәжіліс депутаты Қостанай ауданы әкімдігінің фронт-офисіне келіп, «Пробация үйі» жобасымен танысып, Қостанай ауданының әкімі Таукенов Жансұлтанмен және Тобыл қаласының тұрғындарымен әңгімелесті.

Кездесу соңында М.М. Магеррамов құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмысына оң баға беріп, заңдылық пен құқық тәртіпті нығайтуда табыс тіледі.

 

Қостанай облысының прокуратурасы