Рудный қаласында жылу тарифі төмендетілді

Рудный қаласында жылу тарифі төмендетілді

Железорудная ТЭК" кәсіпорнының табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзғаны анықтады.

Кәсіпорын 2016 жылдан бастап 2019 жылға дейін нормативтік техникалық ысыраптар бөлігінде жылу энергиясын беру және тарату жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге бекітілген тарифтік сметаның шығын бабын жүйелі түрде орындамаған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заң бұзушылықтар жойылып, жылу тарифі 37,4% - ға немесе 760,44 теңге/Гкал-ға (2032,68 теңге/Гкал-дан 1272,24 теңге/Гкал-ға дейін) төмендетілді, осылайша 2 732 тұтынушының құқықтары қорғалды.

Төмендетілген тариф 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап 3 жыл бойы қолданылады.

Сондай-ақ, 2022 жылдың 3 маусымында жол берілген заң бұзушылықтар үшін табиғи монополия субъектісі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 462-бабының 1-бөлігі бойынша 153 150 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Облыс тұрғындарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.

 

Қостанай облысының прокуратурасы