Әулиекөл ауданының медицина қызметкерлері прокурорларға алғысын білдірді

Әулиекөл ауданының медицина қызметкерлері  прокурорларға алғысын білдірді

Әулиекөл ауданының медицина қызметкерлері олардың еңбек құқықтарын қорғау және қалпына келтіру бойынша аудан прокуратурасы қабылданған шаралар үшін Қостанай облысының прокуратурасына алғыс түсті.

Конституцияның 2-бабы азаматтардың қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай еңбек жағдайларына, еңбегі үшін қандай да бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалу құқығына кепілдік береді.

Мәселен 2020-2021 жылдары медицина қызметкерлеріне үстеме жұмыс үшін сомаларды төлемеу, сондай-ақ еңбек қатынастары тоқтатылған кезде есеп айырысу сомаларын уақтылы төлемегені үшін өсімпұлды төлемеу фактілері анықталды.

Қабылданған прокурорлық ден қою шараларының арқасында 257 медицина қызметкерінің құқықтары қорғалды, оларға жалпы сомасы 10 млн.теңгеге қосымша есептеу және қаражат төленді.

Қадағалау актісі бойынша 6 тұлға әкімшілік және тәртіптік жауаптылыққа тартылды, оның ішінде жалпы сомасы 413 500 теңгеге айыппұл салынды және төленді.

Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс прокурорлардың қадағалау жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады және бұл бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады.

 

Қостанай облысының прокуратурасы