Экология және ветеринария саласында анықталған бұзушылықтар

Экология және ветеринария саласында анықталған бұзушылықтар

Қостанай ауданының прокуратурасы қадағалау қызметі барысында Ауыл шаруашылығы жануарларын союды және жануарлар шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын жекелеген кәсіпорындардың Экологиялық кодекс және ветеринария саласындағы заңнама талаптарын бұзғанын анықтады.

Атап айтқанда кәсіпорындар биологиялық қалдықтарды жануарлар мен олардың қалдықтарын көмуге бейімделмеген қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонына шығарған.

Прокурорлық ден қою актілері бойынша уәкілетті органдар жоспардан тыс тексерулер жүргізді және заңдылықты бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдады.

Мәселен Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қостанай аудандық аумақтық инспекциясы ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормативтерді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (бұдан әрі-ӘҚБтК) 406-бабы 1-бөлігінің 2-тармағы бойынша 5 бизнес субъектісін әкімшілік жауапкершілікке тартып, жалпы сомасы 536 мың теңгеге айыппұл салды. Олардың барлығына заң бұзушылықты жою туралы ұйғарым берілді.

Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын тексеру барысында қалдықтарды басқару жөніндегі операцияларға қойылатын экологиялық талаптардың бұзылғаны, арнайы сұрыптау алаңдарының болмауы және де басқалар анықталды.

Бұзушылықтарға жол бергені үшін үшін полигон ӘҚБтК 344-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 76 575 теңге мөлшерінде айыппұл салынды, ӘҚБтК 344-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік материал сотта қаралуда.

Сондай-ақ аудан әкімдігі деңгейінде биологиялық қалдықтарды жоюға бағытталған бірқатар ұйымдастыру шаралары қабылданды (инсенератор сатып алынды, «Беккари» шұңқырларының саны ұлғаюда және т.б.).

 

Қостанай облысының прокуратурасы