Мүгедектің құқықтары қорғалды

Мүгедектің құқықтары қорғалды

Рудный қаласының прокуратурасымен қадағалау қызметі барысында іс-әрекетке қабілетсіз азаматтың мүліктік құқықтары қорғалды.

2008 жылғы желтоқсанда іс-әрекетке қабілетсіз азамат Рудный қаласының медициналық-әлеуметтік мекемесіне толық мемлекеттік қамтамасыз етуге есепке қойылған, ал бірлескен меншіктегі оның үлесі 2018 жылғы желтоқсандағы сот шешімімен үшінші тұлғалардың меншігіне берілген.

Бұл ретте «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 123-бабының 5-тармағына сәйкес қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы адамдардың тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын сақтауға құқығы бар.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Рудный қаласының медициналық-әлеуметтік мекемесі қорғаншылықтағы адамның пәтердегі үлесін меншігіне қайтару туралы сотқа талап арыз беріліп, сот талап арызды қанағаттандырып, осылайша мүгедектің мүліктік құқықтары қорғалды.

 

Қостанай облысының прокуратурасы