Қарабалықта 2 мың баланың құқығы қорғалды

Қарабалықта 2 мың баланың құқығы қорғалды

Ағымдағы жылы прокуратура Қарабалық ауданының білім беру мекемелерінің 2,2 мың оқушысы мен тәрбиеленушілерінің құқықтарын қорғады.

12 шағын орталық пен 2 балабақшада мәзірге сәйкес келмеу фактілері анықталды, онда тамақтың мәзіріне салаттар, қара бидай наны, ірімшік, сүзбе қосылмаған, ал сүт пен қышқыл сүт өнімдерінің орнына шай берілген.

Михайловка орта мектебінде тамақтану мүлдем ұйымдастырылмаған, осылайша мектептің 120 оқушының құқығы бұзылған.

Қадағалау актісі бойынша бұзушылықтар жойылды, тамақтану рационы сәйкестікке келтірілді, Михайловка орта мектебінде тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша тендер өткізілді, 15 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Қостанай облысының прокуратурасы