Прокуратура жұмыскерлердің құқықтарын қорғады

Прокуратура жұмыскерлердің құқықтарын қорғады

Рудный қаласының прокуратурасы облыс прокурорының бақылау тапсырмасын орындау мақсатында білім беру қызметкерлері үшін еңбек жағдайларын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісімдердің, еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктердің сақталуына талдау жүргізді.

Рудный қаласының орта және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 81 қызметкеріне кәсіподақ ұйымдары салалық келісімдерді бұза отырып, ақылы еңбек демалысын 3 күнге дейін ұлғайтпағаны анықталды.

Қадағалау актісі бойынша аталған бұзушылық жойылды, білім беру саласының 81 қызметкерінің құқықтары қорғалды, оларға 2 млн. теңгеден астам сомада өтемақы есептелді.

 

Қостанай облысының прокуратурасы