Қадағалау актісі бойынша судың тарифі төмендетілді

Қадағалау актісі бойынша судың тарифі төмендетілді

Қарабалық ауданының прокуратурасы облыс прокурорының бақылау тапсырмаларын орындау шеңберінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласы бойынша жұмыс жүргізуде.

Тарифтердің негізділігін талдау барысында магистральдық құбыржолдар мен таратушы желілер арқылы су беру жөніндегі қызметтерге арналған тарифтік сметаға амортизациялық аударымдарға арналған шығыстар негізсіз енгізілгені анықталды.

Прокурорлық қадағалау шараларымен Қарабалық ауданының 3 ауылының (Бөрілі, Рыбкино және Надеждинка) 1190 тұрғыны үшін су тарифтері сәйкестікке келтірілді.

Енді Бөрілі және Рыбкино ауылдарындағы текше судың құны 32%-ға немесе 443-тен 300 теңгеге дейін, Надеждинка ауылында - 63%-ға немесе 681-ден 251 теңгеге дейін төмендеді.

Азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.

 

Қостанай облысының прокуратурасы