Қостанай облысының прокуроры бизнес-омбудсменмен кездесті

Қостанай облысының прокуроры бизнес-омбудсменмен кездесті

28 сәуірде Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов Қостанай өңіріне жұмыс сапары барысында облыс прокуратурасына келді.

Кездесу кәсіпкерлікті қорғау мәселелеріне арналды.

Облыс прокуроры Берік Әбілов бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғау мәселелері прокуратура органдарының ерекше бақылауында екенін атап өтті.

Мәселен кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуына жедел ден қою үшін облыстың әрбір өңірінде прокуратураның басшылығымен және уәкілетті органдарды тарта отырып, бизнес құқықтарын қорғау жөніндегі мобильдік топтар құрылды.

Ағымдағы жылы облыс прокуратурасы бизнесті қорғау саласында 109 қадағалау актісін енгізді, оларды қарау нәтижелері бойынша жалпы сомасы 1,7 млн. теңгеге әкімшілік айыппұл салу туралы 70 қаулының, 7 құқықтық актінің күші жойылды, қабылданған шаралармен 1,5 мыңнан астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

Қадағалау органының басшысы омбудсменді облыс прокуратурасының органдары кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша белсенді жұмысты жалғастыратынына және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен және бизнес-қоғамдастықпен одан әрі ынтымақтастық орнатуға дайын екендігіне сендірді.

Өз кезегінде бизнес-омбудсмен кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға белсенді қатысқаны үшін прокуратураға алғыс білдірді.

 

Қостанай облысының прокуратурасы