Қостанай облысының прокуратурасында кадрлық тағайындаулар

Қостанай облысының прокуратурасында кадрлық тағайындаулар

Жусипов Тұрар Сырымұлы 1979 жылы Қазақ КСР Шымкент облысы Киров ауданының Киров кентінде дүниеге келген.

2001 жылы «Қайнар» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы Ақмола облысы Астрахан аудандық Ішкі істер бөлімінің тергеушісі лауазымынан бастады.

Әр жылдары Ұзынкөл ауданының, Рудный қаласының, Қостанай облысының прокуратураларында жұмыс істеді, Қостанай, Рудный және Арқалық қалаларының прокуратураларында басшылық лауазымдарды атқарды.

2017 жылғы қарашадан бастап Қостанай облысы Науырзым ауданының прокуроры лауазымында жұмыс істеді.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен 2021 жылғы 28 желтоқсаннан бастап Қостанай облысы Сарыкөл ауданының прокуроры лауазымына тағайындалды.

Жалпы еңбек өтілі 23 жылдан астам.

Сыныптық шені - әділет кеңесшісі.

 

Сыздықов Асқар Серікбайұлы 1982 жылы Қостанай облысы Таран ауданы Красносельское ауылында дүниеге келген.

2003 жылы З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Қостанай облысы Таран ауданы прокуроры көмекшісінің міндетін атқарушы лауазымынан бастаған.

Әр жылдары Қостанай қаласы мен Қостанай облысының прокуратураларында басшылық қызметтерді атқарды.

2017 жылғы қарашадан бастап Қостанай облысы Сарыкөл ауданының прокуроры лауазымында жұмыс істеді.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен 2021 жылғы 28 желтоқсаннан бастап Қостанай облысы Алтынсарин ауданының прокуроры лауазымына тағайындалды.

Жалпы еңбек өтілі 21 жылдан астам.

Сыныптық шені - әділет кеңесшісі.

 

Мұсафиров Ермек Бақытжанұлы 1987 жылы Қостанай қаласында дүниеге келген.

2008 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы Қостанай қаласы прокуроры көмекшісінің міндетін атқарушы қызметінен бастады.

Әр жылдары Қостанай қаласы прокурорының аға көмекшісі, Қостанай қаласы прокуратурасының бөлім бастығы, Қостанай облысы прокурорының көмекшісі, Қостанай ауданы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарды.

2020 жылғы қарашадан бастап Қостанай облысы прокуратурасы Қылмыстық қудалау басқармасының бастығы қызметін атқарды.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен 2021 жылғы 28 желтоқсаннан бастап Қостанай облысы Науырзым ауданының прокуроры лауазымына тағайындалды.

Жалпы еңбек өтілі 16 жылдан астам.

Сыныптық шені – кіші әділет кеңесшісі

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметі