Облыс прокуратурасының алқа отырысы туралы

Облыс прокуратурасының алқа отырысы туралы

Бүгін облыс прокуроры Берик Абиловтың төрағалық етуімен 2020 жылы мен 2021 жылдың 9 айындағы алименттерді өндіріп алу және кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы іс-қимылдың алдын алу мәселелері бойынша прокурорлық тексерулердің нәтижелерін талқылауға арналған облыс прокуратурасының кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Алқа жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасары, Әділет және Полиция департаменттерінің, облыс әкімдігінің білім және денсаулық сақтау басқармаларының, Сот орындаушыларының өңірлік жеке палатасының басшылары, бейнеконференцбайланыс режимінде - аумақтық прокуратуралардың, полиция және сот актілерін орындау бөлімдерінің басшылары қатысты.

Уәкілетті мемлекеттік органдар мен жеке сот орындаушыларының жұмысындағы кемшіліктер мен олқылықтар туралы объективті және қағидатты әңгімелесу болды.

Облыс прокуроры атап өткендей «балаларды қорғау мәселелері бірінші кезектегі міндеттерге жатады және барлық басшылар мен жауапты лауазымды тұлғалар тарапынан тиісті назар аударуды талап етеді».

Жыныстық қылмыстардың алдын алу мәселелері жөніндегі алқа қатысушыларының назары кәмелетке толмағандардың денсаулығына кез келген қолсұғушылық туралы тығыз өзара іс-қимылға және ақпарат алмасуға аударылды.

Алқа қорытындылары бойынша алименттерді өндіруге, кәмелет жасқа толмағандарға қарсы жыныстық қылмыстардың жолын кесу және алдын алу профилактикасына бағытталған бірқатар шаралар қабылданды.

 

 

Қостанай облысы прокуратурасының

баспасөз қызметі