Трафикті тоқтату

Трафикті тоқтату

Қостанай облысының прокуратурасы облыстың уәкілетті органдарымен бірлесіп адам саудасына қатысты мобильді топ құрды.

Мобильді топтың негізгі міндеті зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жәбірленушілерге, оның ішінде еңбекке жегілген құрбандарға құқықтық көмек көрсету және консультациялар беру.

Егер Сіз заңсыз еңбекке жегудің құрбанына айналсаңыз немесе осындай фактілер туралы білсеңіз төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз. Телефон: 8 (7142) 54-94-96,        8-705-833-5665.

 

Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі