ЗАҢ КӨМЕГІҢ КӨРСЕТУ

ЗАҢ КӨМЕГІҢ КӨРСЕТУ

 

 

 

Елде жүргізіліп жатқан «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңның 24-бабын цифрландыру және іске асыру саясаты шеңберінде адвокаттық қызметті және Заң консультанттарының қызметін автоматтандыруды көздейтін заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесін құру бойынша «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Е – заң көмегі» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі-«Е-заң көмегі» АЖ) әзірледі.

Ақпараттық жүйені іске қосудың негізгі мақсаты халық үшін білікті заң көмегіне қолжетімділікті оңайлату, сондай-ақ адвокаттық қызметті және халықты заң көмегіне қамтамасыз ету жөніндегі заң консультанттарының қызметін автоматтандыру болып табылады.

 «Е-Заң көмегі» АЖ заң қызметтерін ұсыну және алу үшін платформа болып табылатын заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі болып табылады.

Бұл ретте қызметтерді онлайн немесе офлайн форматта алуға болады, бұл елдегі пандемия кезеңінде өзекті.

 «Е-Заң көмегі» АЖ арқылы адвокат және/немесе заң консультантын табуға (таңдауға) болады, бұл ретте маманды іздеу критерийі (мамандануы бойынша, жұмыс өтілі) және оның деректерін тексеру (лицензияның болуы, заң консультанттары палатасына не адвокаттар алқасына мүшелік) бар.

Осылайша ақпараттық жүйе азаматтардың білікті заң көмегіне қол жеткізуін қамтамасыз етуге және оңайлатуға бағытталған.

Ақпараттық жүйе арқылы білікті заң көмегіне қол жеткізу мүмкіндігі туралы азаматтардың хабардарлығын арттыру мақсатында халықты ақпараттандыруға жәрдем көрсетуді және Сіздің ресми интернет ресурстарыңызда «Е – Заң көмегі» АЖ (eup.kz) сілтемесін өтеусіз негізде орналастыру мүмкіндігін қарауды сұраймыз.