Жалған ақпарат туралы арандатушылық үшін жауаптылық туралы

Жалған ақпарат туралы арандатушылық  үшін жауаптылық туралы

Соңғы уақытта облыста БАҚ пен әлеуметтік желілерде арандатушылық және жалған материалдарды тарату жағдайлары жиілеп кетті.

Атап айтқанда ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде қала оқушыларын вакцинациялау нәтижесінде балалардың бірі қайтыс болды деген ақпарат таратылды. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.  

Сондықтан құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Прокуратура туралы» Заңның 32-бабын басшылыққа ала отырып, облыс прокуратурасы келесіні түсіндіреді.

Мемлекет әркімнің ақпаратты еркін алу және тарату конституциялық құқығына кепілдік береді.

 «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңға сәйкес азаматтар қажетті ақпаратты алу үшін мемлекеттік органдарға жүгінуге құқылы.

Өз кезегінде мемлекеттік орган қол жетімділігі шектеулі мәліметтерді қоспағанда, сұратылып жатқан мәліметтерді ұсынуға міндетті.

Мемлекеттік органдардың ресми ақпаратымен азаматтар ешқандай шектеусіз бөлісе алады.

Мемлекетке, қоғамға және азаматтардың құқықтарына елеулі зиян келтіруі мүмкін көрінеу жалған, экстремистік және басқа да құқыққа қарсы ақпаратты таратуға тыйым салынады.

Әрбір осындай факті бойынша Қылмыстық кодекстің                274-бабында бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауаптылық көзделген.

Баяндалғанды ескере отырып, облыс прокуратурасы азаматтарды заңсыз әрекеттерден, оның ішінде жанжалдарға және қоғамдық тәртіпті бұзуға әкеп соғуы мүмкін жалған ақпаратты таратудан аулақ болуға шақырады.

 

 

Қостанай облысының прокуратурасы