Сенатордың Қостанай облысы құқық қорғау органдарының басшылығымен кездесуі

Сенатордың Қостанай облысы құқық қорғау  органдарының басшылығымен кездесуі

Ағымдағы жылдың 26 тамызында облыс прокуратурасында құ-қық қорғау органдары басшыларының Қазақстан Республикасы Пар-ламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Владимир Васильевич Волковпен кездесуі өтті.

Іс-шарада прокурорлар мен полиция тергеушілері қылмыстық істер бойынша негізгі процестік шешімдерді келісудің жаңа тәртібі бойынша жұмысты көрнекі көрсетті және кісі өлтіру істері бойынша қылмыстық процестің үш буынды моделін іске асыру нәтижелері ту-ралы баяндады.

Нәтижесінде қылмыстық процесте азаматтардың конституция-лық құқықтарын бұзу санын 60% - ға қысқартты, айыптау актілерімен істерді соттан қайтару фактілеріне жол бермеді.

Облыс прокуроры Берик Абилов Мемлекет басшысының құқық қорғау қызметін цифрландыру, қылмыстық қудалау органдарының қызметтік үй-жайларында және облыстың түзеу мекемелерінде жап-пай бейнебақылау жүргізу мәселелері жөніндегі тапсырмасының орындалуы туралы ақпараттандырды.

В.В. Волков қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, жұмыста сәттілік тіледі.

 

Қсотанай облысының прокуратурасы