Қостанай облысы прокуратурасының алқа отырысы өтті

Қостанай облысы прокуратурасының алқа отырысы өтті

       

     Ағымдағы жылдың 25 маусымында облыс прокуроры Б.Р. Абиловтің төрағалығымен облыс прокуратурасының алқа отырысы өтті, онда  2021 жылдың 1-жарты жылдығындағы жұмыс қорытындылары қаралды.

      Облыс прокуратурасының органдары өткен кезеңде қоғамдық мүдделерді қорғау саласында нақты жұмыстар жүргізіп, нәтижесінде облыстың 100 мыңнан астам тұрғынының құқықтары қорғалды, мемлекет кірісіне 1,2 млрд. теңге, оның ішінде мемлекеттік бюджетке    700 млн. теңгені өтелді.

         Жаңғырту туралы заңның іске асырылуын ескере отырып, күзетпен ұстау түрінде таңдалған бұлтартпау шараларының саны 31%-ға (618-ден 426-ға дейін), ұсталғандардың саны 30%-ға (199-дан 138-ге дейін) азайды.

           Электрондық қылмыстық істі енгізу басым бағыттардың бірі болып қала береді. Электрондық форматта 3 814 іс немесе тергелген істердің жалпы санының 71%-ы  тергелді, 2021 жылғы индикатор - 35%.

      Өңірде жасөспірімдер қылмысы 47%-ға, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны 20,5%-ға және бұрын қылмыс жасағандардың қылмыс жасауы 25%-ға төмендеді.

        Мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін қылмыстық заңнаманы қатаңдату нәтижесінде барлық 45 айыпталушы бас бостандығынан айыруға сотталды, балаларға сексуалдық зорлық-зомбылық көрсеткен істер бойынша      4 адам ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.

     Алқа отырысының қорытындысы бойынша 2021 жылдың алдағы кезеңіне прокурорларға басым міндеттер қойылып, нақты тапсырмалар берілді. 

 

 

Қостанай облысының

прокуратурасы