Облыстың ПД қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізу туралы

Облыстың ПД қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізу туралы

Ағымдағы жылғы 22 маусымда Қостанай облысы прокуратурасының Қылмыстық қудалау басқармасы Қостанай облысы Полиция департаментінің тергеу және анықтау бөлімшелерімен және Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қостанай облысы бойынша басқармасы бірлесіп «Қылмыстық процестің жаңа моделі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар үш буынды модель жағдайында қылмыстық істерді тергеу кезінде туындайтын мәселелерді талқылады.

Дөңгелек үстел барысында көліктік қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу кезінде есірткі құралдарының заңсыз айналымы фактілері бойынша, сондай-ақ кісі өлтіру туралы істер бойынша туындайтын проблемалық мәселелер атап өтілді.

Сонымен қатар прокурорлар СДТБТ-де жұмыс істеу және ақпараттық есепке алу құжаттарын толтыру кезіндегі негізгі талаптарды полиция қызметкерлерінің назарына жеткізді.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша полиция қызметкерлері негізгі процестік шешімдерді қабылдау кезінде СДТБТ жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар ұсынды.

 

 

Қостанай облысының прокуратурасы