Қостанай облысының прокуратурасында кадрлық тағайындаулар

Қостанай облысының прокуратурасында кадрлық тағайындаулар

       Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 12 сәуірдегі бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Мырзалы Серікжан Қуанышбекұлы Қостанай облысы прокурорының орынбасары болып тағайындалды.

           С.К. Мырзалы 1979 жылы 3 қаңтарда Семей облысы, Новая Шульба ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебін                             «заңгер-құқықтанушы» мамандығы бойынша ж Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

 Еңбек жолын Павлодар қаласының индустриалды АІІБ тергеушісі болып бастады. Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарының және Астана қаласының прокуратура органдарында жұмыс істеді. Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің департаментінде және прокуратура органдары жүйесінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. 2019 жылдан бастап   Өскемен қаласының прокуроры болып жұмыс істеді.

 

Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз  қызметі