Қостанай қаласының колледжінде студенттерден ақшалай қаражат заңсыз алынған

Қостанай қаласының колледжінде студенттерден ақшалай қаражат заңсыз алынған

Қостанай қаласының прокуратурасы білім беру ұйымдарының қызметіне жүргізген талдау барысында студенттерге заңсыз айыппұл санкцияларын қолдану фактілері анықталды.

Мәселен қала колледждерінің бірі себепсіз бір сабақты өткізгені үшін студентті 500 теңге, ал практикалық сабақты өткізгені үшін 3 000 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеген.

Осындай «айыппұл санкцияларын» барлығы 229 студент төлеген, ал төлемдердің жалпы сомасы 1 млн. теңгеден асады.

Қалалық прокуратура араласқаннан кейін заңсыз алымдар тоқтатылды. Сонымен қатар бұрын өндірілген қаражат студенттерге қайтарылды.

Құрметті студенттер және Қостанай қаласының тұрғындары! Білім беру ұйымдары тарапынан заңсыз әрекеттердің осындай ұқсас фактілері анықталған жағдайда Қостанай қаласының прокуратурасына (Қостанай қаласы, Толстой көшесі, 57; тел.: 53-34-39) немесе білім беру саласындағы уәкілетті органға (Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 177 «а»; тел.: 54-94-82) хабарласуды сұраймыз.

 

 

Қостанай қаласының прокуратурасы