Қала прокуратурасы азаматтардың құқықтарын қорғады

Қала прокуратурасы азаматтардың құқықтарын қорғады

Қостанай қаласының прокуратурасы жер салығы мен мүлік салығын алуға қатысты талдау жүргізді, оның нәтижелері бойынша салық заңнамасын бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда зейнеткерлер мен жетімдерге мүлік пен жер салығы негізсіз есептелген.

Заңнамаға сәйкес мүлік салығын төлеуден жетім балалар мен                         ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және азаматтардың басқа да санаттары (көп балалы аналар, «Батыр ана», «Алтын алқа», жеке тұратын зейнеткерлер, ҰОС ардагерлері, мүгедектер және басқалар) өздерінің меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнының салық кодексінде белгіленген шектерінен (айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген және 1500 еселенген мөлшерінен) аспаған жағдайда салықтың осы түрін төлеуден толықтай босатылған.

Осы азаматтарға жер салығы мен мүлік салығын есептеу жүзеге асырылған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 500 000 теңгеден астам сомадағы аталған салықтардың күші жойылды, осылайша 300 азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды.

Сондай-ақ ағымдағы жылдың ақпан айында қала прокуратурасына азаматша Х. өзінің қол астындағы Б. (2 топтағы мүгедек және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған) әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тарту фактісі бойынша жүгінді.

2019 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде полиция қызметкерлері әрекетке қабілетсіз мүгедекке әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдана отырып, бірнеше рет әкімшілік жауаптылыққа тартқан.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша полиция қызметкерлері азаматша Б.-ны әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы шығарған 5 қаулының күші жойылды.

 

 

Қостанай қаласының прокуратурасы