Облыс әкімдігі жанындағы Ведомствоаралық комиссия жұмысына қатысу туралы

Облыс әкімдігі жанындағы  Ведомствоаралық комиссия жұмысына  қатысу туралы

 

  Бүгін облыс прокуроры Қостанай облысы әкімдігі жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына қатысты.

  Комиссия жұмысына бейнеконференция байланысы арқылы барлық қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстың құқық қорғау және уәкілетті мемлекеттік органдарының басшылары қатысты.

  Отырыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, «Адалдық алаңы» жобалық кеңселер қызметінің тиімділігі, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша полиция органдарының жұмысы, сондай-ақ облыс жолдарындағы авариялық-қауіпті учаскелердің деңгейін төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар мәселелері талқыланды.

  Жалпы қабылданған бірлескен шаралар нәтижесінде өңірде қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 29,4% -ке, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар - 29,2%-ке, алкогольдік масаң күйде жасалған қылмыстар-18,6% -ке, бұрын жасаған адамдардың орындаған қылмыстары - 28%-ке, отбасы-тұрмыстық салада жасалған қылмыстар - 35,7%-ке және жасөспірімдер қылмысы-25,4% -ке қысқарғаны атап өтілді.

         Отырыс қорытындысы бойынша Қостанай облысында 2020-2022 жылдарға арналған Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі өңірлік кешенді жоспарды сапалы орындауды қоса алғанда, бірқатар бірлескен іс-әрекеттер қабылданды.

        

        

Қостанай облысы прокуратурасының

баспасөз қызметі