Базадағы 24 қате инвесторды 9,3 миллион теңгеден айыруы мүмкін

Базадағы 24 қате инвесторды 9,3 миллион теңгеден айыруы мүмкін

Қарабалық ауданында прокуратура инвесторға тауар-сүт фермасын құру жобасын іске асыру кезіндегі әкімшілік кедергіні жоюға көмектесті.

Инвестор Ресейден 401 асыл тұқымды ірі қара мал сатып алды. 24 жануарды ветеринарлық қызмет тіркеген кезде туған күндері қате көрсетілген, сондықтан ақпараттық жүйедегі мәліметтер асыл тұқымды куәліктерге сәйкес келмеген.

Анықталған сәйкессіздіктер 9,3 миллион теңге сомасына мемлекеттік субсидия алуға кедергі келтірді.

Прокуратура тәртіптік жауапкершілікке тартылған лауазымды тұлғаның кінәсін анықтады. Инвесторға сотқа жүгінуге де құқықтық көмек көрсетілді.

Бітістіру келісімі бекітілгеннен кейін ветеринарлық станция ақпараттық жүйедегі мәліметтерді түзетіп берді. Инвестор субсидия алуға өтініш білдірді.

Осылайша, прокурордың араласуының арқасында әкімшілік кедергі жойылып, инвестордың құқығы қалпына келтірілді.

 

Қостанай облысының прокуратурасы