Мүлік алимент берешегін өтеуге бағытталды: балалардың құқықтары қорғалды

Мүлік алимент берешегін өтеуге бағытталды: балалардың құқықтары қорғалды

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қарабалық ауданы прокуратурасы жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады. Алимент өндіру туралы сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді.

Қадағалау жұмыстары барысында аудан тұрғынының алименттік міндеттемелерді ұзақ уақыт бойы орындамағаны анықталды. Оның кәмелетке толмаған баласына алимент бойынша берешегі 3,6 млн теңгеден асты.

Баланың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мақсатында прокуратура атқарушылық іс жүргізу шеңберінде тиісті шаралар қабылдады. Нәтижесінде 2026 жылғы 6 мамырда Қарабалық аудандық соты борышкердің Қарабалық ауылында орналасқан тұрғын үйіне өндіріп алуды қолдану туралы ұйғарым шығарды.

Тағы бір жағдайда борышкер 2019 жылдан бастап бірнеше жыл бойы баласын асырау жөніндегі міндеттерін орындаудан жалтарып келген. Соның салдарынан алимент бойынша берешек 3,4 млн теңгені құраған.

Прокуратураның бастамасымен борышкердің жылжымайтын мүлігінің ½ бөлігіне өндіріп алу қолданылды. Қазіргі уақытта берешекті өтеу есебінен аталған пәтер үлесін өндіріп алушыға беру рәсімі жүргізілуде.

Осылайша, прокурорлық қадағалау шаралары борышкерлердің мүлкін сот актілерін орындауға бағыттауға және балалардың мүліктік құқықтарын қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

Қарабалық ауданының прокуратурасы ата-аналардың өз балаларын асырау міндеті алименттік міндеттемелердің толық орындалғанға дейін сақталатынын еске салады.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету және борышкерлерді ата-аналық міндеттерін тиісінше орындауға мәжбүрлеу бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

 Қостанай облысының прокуратурасы