
Қостанай облысының прокуроры Марат Сексембаев ағымдағы жылдың 5–6 тамызы жұмыс сапары шеңберінде Арқалық қаласын, Амангелді және Жангелді аудандарын аралады.
Сапар барысында заңдылықты қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, «Заң мен Тәртіп» қағидатын сақтау, интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, құқық бұзушылықтардың алдын алу және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Бүгінгі күні бұл өңірлер белсенді дамып келеді. Халық үшін маңызды инфрақұрылымдық және өзге де жобаларды іске асыруға елеулі бюджеттік қаражат жіберіледі.
Жұмыс сапары шеңберінде прокуратура органдарының заңсыз алынған активтерді қайтару жөніндегі жұмысы нәтижесінде қалыптастырылған Арнайы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен құрылыс пен реконструкциялау жүзеге асырылатын бірқатар объектілерді аралады.
Облыс прокуроры мемлекетке қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыру прокуратура органдарының ерекше бақылауында екенін атап өтті. Бұл ретте заңдылықтың сақталуына, бюджеттік қаражатты нысаналы және тиімді пайдалануға, орындалатын жұмыстардың сапасына және объектілерді уақтылы пайдалануға беруге негізгі назар аударылады.
Жұмыс кездесулері барысында қала және аудан прокурорларының заңдылықтың жай-күйі мен қадағалау қызметінің нәтижелері туралы есептері тыңдалды.
Қорытындылар бойынша мәселелерді жоюға, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде заңдылықты қамтамасыз етуге, мемлекет пен азаматтардың мүдделерін қорғауға, сондай-ақ прокурорлық қадағалаудың тиімділігін арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.
Қостанай облысының прокуратурасы