Қостанай облысында мүгедектігі бар адамдарға арналған «Мүмкіндік» облыстық әлеуметтік-құқықтық акциясы өтеді  

Қостанай облысында мүгедектігі бар адамдарға арналған «Мүмкіндік» облыстық әлеуметтік-құқықтық акциясы өтеді   

2026 жылғы 24 шілде күні сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін Қостанай облысында мүгедектігі бар адамдарға арналған  «Мүмкіндік» облыстық әлеуметтік-құқықтық акциясы өтеді.

Іс-шараға прокуратура органдарының, жергілікті атқарушы органдардың, уәкілетті мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, жұмыс берушілер мен оқу орталықтарының өкілдері қатысады.

Акцияның негізгі мақсаты – мүгедектігі бар адамдарың әлеуметтік және еңбекке бейімделуіне жәрдемдесу, оларды жұмыспен қамтуға, кәсіптік оқыту мен қайта даярлауға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтық және әлеуметтік қорғалуын күшейту.

Акция аясында Smart Qostanay мобильді қосымшасының Life Helper цифрлық бөлімінде іске қосылған Aman ID сервисі де таныстырылады. QR-код немесе арнайы білезік арқылы адамның жеке басын жедел анықтауға, оның денсаулық жағдайы туралы мәліметтер мен алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі ұсынымдарды алуға, сондай-ақ жақын туыстарына автоматты түрде хабарлама жіберуге мүмкіндік беретін цифрлық құрал.

Аталған сервис Қостанай облысының прокуратурасы, Қостанай қаласының әкімдігі және «Астана тұрақты даму орталығы» ЖШС-нің бірлескен жобасы болып табылады. Ол егде жастағы адамдардың, мүгедектігі бар адамдардың және созылмалы аурулары бар азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Осындай іс-шаралар облыстың барлық қалалары мен аудандарында аумақтық прокуратуралардың үйлестіруімен өтеді.

Облыс орталығындағы іс-шараның өтетін орны: Қостанай қаласы, Юбилейный шағын ауданы, 56-үй, «Жастар сарайы» ғимараты.

Анықтама телефондары: 8 (7142) 53-26-03, 8 (7142) 54-94-94.

Қостанай облысының прокуратурасы