Арқалық қаласында әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылысы, сондай-ақ ұшу-қону жолағын, руль жолын және перронды реконструкциялау аяқталуда. Жобаның жалпы құны шамамен 20 млрд теңге.
Жобаны қаржыландыруға мемлекетке қайтарылған заңсыз шығарылған активтер есебінен қалыптастырылған арнайы мемлекеттік қордан 6 млрд теңге енгізілген.
Жобаны іске асыру басталғаннан бастап Арқалық қаласының прокуратурасы заңнаманың сақталуын, сонымен қатар объект пайдалануға берілгенге дейін – құрылыстың барлық кезеңдерінде бюджеттік қаражаттың нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылай отырып, құрылыс-монтаждау жұмыстарына мониторингті жүзеге асырады.
Жобаны іске асыру Арқалықтың көліктік қолжетімділігін арттыруға, өңір экономикасын дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер жасауға және халыққа көліктік қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Қостанай облысының прокуратурасы