Меңдіқара ауданының прокуратурасы қадағалау қызметі барысында елді мекендердің жерлерінде ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген жер учаскелерінің нысаналы мақсатына сай пайдаланылмағанын анықтады.
Меңдіқара ауданының Алешин және Буденный ауылдық округтері аумағындағы жерлерден жайылымдық алқаптар берілген екі ауыл шаруашылығы кәсіпорнының оларды нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбағаны анықталды.
Жер учаскелерінде мал жаюға және мал азығын дайындауға қажетті мал басы болмаған, бұл Қазақстан Республикасының Жер кодексі мен «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзу болып табылады.
Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде көрсетілген жер учаскелерін жалға алу шарттары бұзылды. Жалпы ауданы 175 гектар және кадастрлық құны 582 миллион теңге болатын, пайдаланылмай жатқан жайылымдық жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Жер қатынастары саласындағы заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету прокуратура органдарының ерекше бақылауында және бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Қостанай облысының прокуратурасы