2026 жылдың 5 айында Қостанай облысында 13 кісі өлтіру фактісі, оның ішінде 2 адам өлтіруге оқталу фактісі тіркелді..
Қылмыстар Қостанай қаласы – 5, Рудный қаласы – 2, Жітіқара ауданы – 2, Бейімбет Майлин ауданы – 2. Сондай-ақ Қостанай, Қарасу және Әулиекөл аудандарының әрқайсысында бір қылмыс тіркелді.
Қылмыстық істерді талдау барысында қылмыстың басым бөлігі тұрмыста жасалғанын көрсетеді. 10 жағдайда қылмыс отбасылық-тұрмыстық негізде болған.
Сонымен қатар, мұндай фактілердің жартысында қызғаныш, ерлі-зайыптылардың арасындағы қайшылықтар немесе олардың біреуінің қарым-қатынасты тоқтату ниеті себеп болды.
Сондай-ақ, 10 жағдайда қылмыс алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін жасалғаны да алаңдатады. Қылмыс құралы ретінде көбінесе тұрмыстық пышақтар қолданылған.
Күдіктілердің көпшілігі бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын және профилактикалық есепте тұрмағанын атап өткен жөн.
Бұл ауыр қылмыстар көбінесе ұзақ мерзімді отбасылық қақтығыстардың, агрессивті мінез-құлықтың және алкогольді теріс пайдаланудың салдары екенін көрсетеді.
Өкінішке орай, тәжірибе көррсеткендей зорлық-зомбылық кенеттен сирек туындайды. Көбінесе оның алдында қорқытулар, қорлаулар, қудалаулар, ұрып-соғулар және агрессияның басқа да түрлері болады, оларды жәбірленушілер «отбасылық мәселелер» ретінде қабылдайды және уақтылы әрекет етпестен қалады.
Осылайша, Қостанайдағы бір жағдайда қызғаныш әйелін өлтіруге әкелді. Басқа жағдайда, Қарасу ауданында ер адам әйелін тастап кетуге шешім қабылдағаннан кейін оның өмірінен айырды.
Қызғаныштан туындаған тағы бір қайғылы қақтығыс Бейімбет Майлин ауданында бірге ішімдік ішкеннен кейін болды.
Көрсетілген барлық фактілер бойынша күдіктілер ұсталып, оларға қатысты істер сотқа жолданды. Мұндай қылмыстар үшін заңның санкциялары ұзақ бас бостандығынан айыру мерзімін көздейді.
Мұндай әрбір жағдай зорлық-зомбылыққа төзімділік танытудың орны толмас қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін еске салады. Сондықтан отбасындағы агрессияның алғашқы белгілерін елеусіз қалдырмай, дер кезінде шара қолдану аса маңызды.
Қолданыстағы заңнама ұрып-соғу, азаптау, денсаулыққа зиян келтіру, қудалау (сталкинг), қорқыту және басқа да заңсыз әрекеттер үшін жауапкершілік шараларын көздейді.
Сонымен қатар, зардап шеккендерді қорғау және агрессорлардың мінез-құлқын шектеу тетіктері көзделген.
Егер сіз отбасылық зорлық-зомбылыққа тап болсаңыз немесе осындай фактілердің куәгері болсаңыз, зардап шегушілерге көмек көрсететін құқық қорғау органдарына, дағдарыс орталықтарына және басқа да ұйымдарға уақтылы жүгіну қажет.
Заң қылмыскерлерді жазалауға ғана емес, ең алдымен азаматтардың өмірін, денсаулығын және қауіпсіздігін қорғауға бағытталған.
Зорлық-зомбылықты ақтауға болмайды. Оған төзуге болмайды.
Көмек неғұрлым тезірек алынса, қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.
Қостанай облысының прокуратурасы