Прокуратура инвесторға құны 4 млрд теңге болатын жоба үшін жер телімін алуға көмектесті

Прокуратура инвесторға құны 4 млрд теңге болатын жоба үшін жер телімін алуға көмектесті

Қостанай облысы Денисов ауданының прокуратурасы инвесторлардың құқықтарын қорғау Комитетінің үйлестіруімен инвестордың жер учаскесін алу құқығын қорғады.

"Тохтар Агро" ЖШС күнбағыс тұқымын өңдеу және форпрессиялау жөніндегі өндірістік желіні, сондай-ақ өсімдік тектес жемшөп ұнын өндіру цехы бар элеваторды салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлап отыр.

Инвестициялардың жалпы сомасы 4 млрд теңгені құрайды, 50-ден астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Жер учаскесін беру туралы мәселені қарау кезінде энергия беруші ұйым учаскенің аумағы бойынша жоғары вольтты электр беру желісінің өтуіне байланысты оны келісуден бас тартты.

Жағдайды зерделеу барысында прокуратура уәкілетті органдармен бірлесіп электр беру желісін энергетикалық инфрақұрылым жұмысын бұзбай жер учаскесінен тыс жерге көшіруге болатынын анықтады.

Қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша инвесторға инвестициялық жобаны іске асыру үшін қажетті жер учаскесі берілді.

Қостанай облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге және олардың құқықтарының өзге де бұзылуына тап болған инвесторларды +7 (701) 855-87-06 телефоны немесе 115 Call-орталығына хабарласуға шақырады.

    Қостанай облысының прокуратурасы