Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің объективтілігі, жеделдігі және кәсібилігі заңға деген құрметтің қалыптасуына, құқықтық мәдениеттің дамуына және жариялылық қағидатының қамтамасыз етілуіне зор ықпал етеді.
Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында Қостанай облысының тұрғындары мен қонақтары өңірдегі құқықтық тәртіптің жай-күйі, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы іс-қимыл, заңның үстемдігі мен құқықтық тәртіпті насихаттау жөнінде қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ Қостанай облысының прокуратура органдарының атқарып жатқан жұмыстары туралы ақпарат алып отырады.
Сіздерге зор денсаулық, сарқылмас шығармашылық қуат, шабыт және кәсіби қызметтеріңізде жаңа жетістіктер тілейміз!
Қостанай облысының прокуроры
М. Сексембаев