Қостанай облысы прокуратурасында кадрлық тағайындаулар

Қостанай облысы прокуратурасында кадрлық тағайындаулар

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 19 маусымдағы бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Радий Илдусович Гиндулин Сарыкөл ауданының прокуроры болып тағайындалды.

Р.И.Гиндулин 1983 жылы туған, Қостанай облысы Әулиекөл ауданының тумасы.

Ол еңбек жолын 2006 жылдың маусым айында Қостанай облысы прокуратурасының органдарында бастап, алғашында Сарыкөл ауданы прокурорының көмекшісі міндетін атқарған.

Қостанай облысының прокуратура органдарында бірқатар лауазымдарды, соның ішінде басшылық қызметтерді атқарды: Сарыкөл және Қостанай аудандық прокуратураларында прокурордың аға көмекшісі (2007–2012); Қостанай облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру және қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалау басқармасының аға прокуроры және бастығының орынбасары (2012–2017); және Қостанай облысы прокурорының көмекшісі (2017–2022).

Осы қызметке тағайындалғанға дейін Қостанай облысы прокуратурасының үкімдердің орындалуының заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы қызметін атқарған.

Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі – 20 жылдан астам.

Қостанай облысының прокуратурасы