Заң, спорт және азаматтық жауапкершілік: Қостанайда «Құқықтық марафон» өтті

Заң, спорт және азаматтық жауапкершілік:  Қостанайда «Құқықтық марафон» өтті

Облыс орталығында, Триатлон саябағында, облыс прокуратурасының бастамасы бойынша құқық қорғау, арнаулы, мемлекеттік және өкілді органдар, медициналық және білім беру ұйымдары, бизнес-қоғамдастық және жұртшылық өкілдерінің қатысуымен «Құқықтық марафон» өңірлік акциясы өтті.

Іс-шара халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік қызметшілер арасындағы тәртіпті нығайтуға және азаматтардың заңды сақтауға жауапты көзқарасын қалыптастыруға бағытталған.

Бастауға 12 құқық қорғау, арнаулы және мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметкерлері шықты.

Акцияны саябақта үнемі спортпен айналысатын қала тұрғындары, сондай-ақ Қостанай морж клубының қатысушылары қолдады. Жарысқа қатысушылардың жалпы саны 400-ге жуық адамды құрады.

Марафон шеңберінде саябақ аумағында интерактивті алаңдар, елдің заңнамасы мен жаңа Конституциясын білу бойынша конкурстар, «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру бойынша блиц-сұрақтар, сондай-ақ салауатты өмір салтын танымал ету іс-шаралары ұйымдастырылды.

Жарыстың жеңімпаздары мен қатысушылары, сондай-ақ белсенді азаматтық ұстаным көрсеткен және іс-шараны өткізуге үлес қосқан азаматтар салтанатты түрде марапатталды.

Әйелдер арасындағы негізгі қашықтықта жүлделі орындар: бірінші орын – Алина Весленева (Қостанай жоғары медициналық колледж), екінші орын – Лариса Байгунусова (Облыстық орыс драма театры), үшінші орын - Жанар Есентимирова (ҚР ҰҚК Қостанай облысы бойынша Шекара қызметінің департаменті). 

Ерлер арасында жеңімпаздар: бірінші орын - Асылжан Манаев (Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті), екінші орын - Наурзбай Исембулатов (Қостанай облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті), үшінші орын - Алмат Оразов (ҚР ІІМ Шракбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы).

Мұндай іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық мәдениетін нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және қоғамда белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.

                                                                                                                  Қостанай облысының прокуратурасы