Қостанай облысының прокуратурасы: 436 бұрын сотталғандарға «Жаңа өмірге жол» жоба бойынша көмек көрсетті  

Қостанай облысының прокуратурасы:  436 бұрын сотталғандарға  «Жаңа өмірге жол» жоба бойынша көмек көрсетті   

Қостанай облысының прокуратурасы облыстың түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдарды қайта әлеуметтендіру мәселелеріне назар аударады.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Қостанай қаласының №38 орташа қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа өмірге жол жобасы» іске асырылуда.  Оның мақсаты – бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың қайталама құқық бұзушылық жасауын алдын алу.

Жоба босатуға дайындалып жатқан адамдарға әлеуметтік бейімделуге, жұмысқа орналасуға, қажетті медициналық, әлеуметтік және заңды қызметтерді алуға көмек көрсетуге бағытталған.

Жоба шеңберінде прокуратура уәкілетті органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен, Денсаулық сақтау органдарымен, Қостанай қаласының азаматтық хал актілерін тіркеумен, Қостанай қаласының мансаптық орталығымен бірлесіп ай сайын сотталғандарды комиссиялық қабылдауды өткізеді.

Әрбір мәселе және көрсетілетін қызмет бойынша нақты шаралар әзірленеді. Жыл басынан бері босатылған 436 азамат көмек алды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде өңірде қылмыстың қайталануының төмендеуі байқалады: жазасын өтеген адамдар арасында 18%-ға (206-дан 169-ға дейін), шартты-мерзімнен бұрын босатылғандар арасында - 3 есе (9-дан 3-ке дейін).

Бұрын сотты болған адамдар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыс жалғасуда.

                                               Қостанай облысының прокуратурасы