2026 жылдың ақпаныда Мендіқара ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері қолдан жасалған қарда жүретін көлікті тиісті рұқсатынсыз және аң аулауға тыйым салынған кезеңде атыс қаруын қолдана отырып, сібір елігін заңсыз атып, мемлекетке 1,6 миллион теңгеден астам шығын келтірген екі жергілікті тұрғынды ұстады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдіктілердің әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабының 3-бөлігі бойынша – атыс қаруын және қарда жүру техникасын қолдана отырып, адамдар тобы жасаған, елеулі залал келтіретін заңсыз аң аулауы бойынша сараланды.
Мендіқара ауданының прокуратурасы тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалауды қамтамасыз етіп, сотта мемлекеттік айыптауды қолдады.
Сотталушылар өз әрекеттері үшін өкініп, кінәларын толық мойындады, және мемлекетке келтірілген залалды толық көлемде өтеді.
2026 жылғы 29 сәуірде Мендықара аудандық сотының үкімімен кінәлі адамдарды 3 жыл мерзімге аңшылыққа байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеген. Қылмыс құралдары мемлекет пайдасына тәркіленді, қолдан жасалған қарда жүретін көлік жойылды.
Сонымен қатар, сот жазаны өтеу кезеңінде пробациялық бақылау белгіледі, сондай-ақ ойын-сауық мекемелеріне (кафелер, барлар, мейрамханалар, түнгі клубтар), оның ішінде алкогольдік ішімдіктерді сататын мамандандырылған дүкендерге баруға тыйым салды. Үкім заңды күшіне енді.
Қостанай облысының прокуратурасы