Қостанай облысында «Алаяқтардан қорғау» жобасы іске асырылады

Қостанай облысында «Алаяқтардан қорғау» жобасы іске асырылады

Қостанай облысының прокуратурасы құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, алаяқтықтың алдын алуға және оған қарсы тұруға, сондай-ақ өңір тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Алаяқтардан қорғау» жобасын іске асырып жатыр.

Жоба шеңберінде алаяқтықтың жаңа тәсілдері мен схемалары туралы, сондай-ақ бөлшектенгені үшін қылмыстық жауаптылық және киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы ұйымдастырылды.

Тақырыптық мазмұндағы аудиожазбалар мен бейнежазбалар халыққа қызмет көрсету орталықтарын, сауда-ойын-сауық орталықтарын және кинотеатрларды қоса алғанда, азаматтар көп жиналатын орындарда орналастырылады.

Облыс орталығының қоғамдық көлігінде азаматтардың сақтық шаралары, дербес деректерді телефон және бөгде адамдар арқылы беруге жол бермеу туралы аудиохабарлама ұйымдастырылған.

Сонымен қатар, жоба шеңберінде интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған арнайы ақпараттық платформа құрылды:  https://taplink.cc/qostanayprokuror?from=qr  .

Аталған ресурста азаматтар цифрлық қауіпсіздік бойынша өзекті меморандумдармен, алаяқтықтың ең көп таралған схемаларымен таныса алады, сондай-ақ алаяқтық әрекеттерінен хабардар болу және қорғау деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін профилактикалық сауалнамадан өте алады.

Тергеу барысында зардап шеккендердің құқықтарын қалпына келтіру үшін екінші деңгейдегі банктер жыл басынан бері жалпы сомасы 485 миллион теңге 198 кредит бойынша төлемдерді тоқтатты.

Сонымен қатар, сот тәртібімен 318 дропперден негізсіз байыту есебінен 388 миллион теңге өндірілді.

Алаяқтық жасағаны үшін 39 адам, бөлшектегені үшін – 3 адам қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде өңірде алаяқтықтың 21,1%-ға (795-тен 625-ке дейін), оның ішінде интернет-алаяқтықтардың 16,1%-ға (653-тен 517-ге дейін) төмендеуі байқалады.

Алаяқтыққа қарсы іс-қимыл және азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша жұмыс жалғасуда.

                                                             Қостанай облысының прокуратурасы