Облыс прокуратурасында салтанатты жиналыс өтті 

Облыс прокуратурасында  салтанатты жиналыс өтті 

Қостанай облысының прокуратурасында Отан қорғаушы күнін және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.

Мерекеге облыстық прокуратура органдарының, Қостанай облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу департаментінің, Қостанай көлік прокуратурасының және Қостанай гарнизоны әскери прокуратурасының басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Мереке құрметіне мінсіз қызметі үшін прокуратураның бірқатар қызметкерлері көтермеленді, мерзімінен бұрын - 2, атағынан бір сатыға жоғары -2 атақтарына ие болды, төсбелгі-3, сонымен қатар Бас Прокурордың және облыс прокурорының құрмет грамоталары мен алғысхаттары -6 қызметкерге табысталды.

Іс-шара облыстық прокуратура, Қостанай облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу департаменті және Қостанай гарнизоны әскери прокуратурасы қызметкерлерінің күшімен ұйымдастырылған мерекелік концертпен аяқталды.

                                                                                                    Қостанай облысының прокуратурасы