Аудан прокуратурасы: оннан астам өнеркәсіптік кәсіпорындар санитарлық-қорғау аймақтарынсыз жұмыс істеді

Аудан прокуратурасы: оннан астам өнеркәсіптік кәсіпорындар санитарлық-қорғау аймақтарынсыз жұмыс істеді

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының прокуратурасы өнеркәсіптік объектілерді пайдалану кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы талаптарының сақталуына талдау жүргізді.

Жүйелік бұзушылықтар анықталды: эпидемиялық маңызы жоғары 11 кәсіпорын, олардың ішінде асфальтбетон зауыты, ірі элеватор, сондай-ақ бірқатар жер қойнауын пайдаланушылар көптеген жылдар бойы белгіленген санитарлық-қорғау аймақтарынсыз (СҚА) және санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыларсыз қызметін жүзеге асырды.

Сонымен қатар, СҚА-бұл өнеркәсіптік және басқа объектілерді тұрғын үй аумақтарынан бөлетін және зиянды факторлардың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға әсерін қауіпсіз деңгейге дейін төмендетуге қызмет ететін қорғаныс тосқауылы.

Санитарлық-қорғау аймақтарының болмауы тұрғындардың денсаулығы мен экологиясына тікелей қауіп төндіреді.

Прокурордың қаулылары бойынша барлық кәсіпорындар әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Айыппұлдардың жалпы сомасы қысқартылған тәртіппен 6,3 млн. теңгені құрады.

Прокуратураның араласуынан кейін өнеркәсіптік объектілер санитариялық-қорғау аймақтарын белгілеу жобаларын ресімдеу және қажетті қорытындылар алу бойынша жұмысты бастады және жүргізуде, ал уәкілетті орган (СЭС) бұзушылықтар жойылғанға дейін жедел ден қою шараларын шығарды.

Тиісті және уақтылы мониторинг жүргізбегені үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Өңір азаматтарының денсаулығы мен экологиясын қорғау бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізеді.

Халықтың табиғаты мен денсаулығына теріс әсер ететін қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындар қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес міндетті түрде санитарлық-қорғау аймақтарын белгілеуі қажет.

 Қостанай облысының прокуратурасы