Рудный қаласының прокуратурасы әкімдікпен және полиция басқармасымен бірлесіп, қылмыстық жағдайды жақсартуға және құқық бұзушылық алдын алудың тиімділігін арттыруға бағытталған «Айқын нәтиже» жобасы іске асырылуда.
Жоба шеңберінде Жол картасы әзірленіп, ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.
Негізгі бағыттардың бірі жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуы болды.
Балалардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңға құрмет көрсету және өз құқықтарын түсіну үшін Білім бөлімімен бірлесіп, "Құқықтық болашаққа қадам" марафоны өтті. Қала мектептерінде кіші сыныптарға жол қозғалысы ережелерін оқыту бойынша интерактивті алаңдар енгізілді, сынып сағаттары, тақырыптық сабақтар және профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі.
Түнгі уақытта балалардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында арнайы логотипі бар жарық шағылыстыратын элементтер қолданылады. Олар қала мектептерінің оқушыларын қамтыған «Қауіпсіздікке бағытталған елеулі қадам» акциясының бөлігі ретінде пайдаланылды.
Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылармен атаулы жұмысқа ерекше назар аударылады. Жыл басынан бері мобильді топ өмірлік қиын жағдайдағы 50-ден астам отбасына барып, оларға құқықтық қолдау көрсетілді. Сондай-ақ сотқа ата-ана құқығынан айыру туралы 4 талап арыз жолданды.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық алдын алу саласында агрессорларға қатысты 537 қорғау нұсқамасы шығарылды. Зардап шегушілерге әлеуметтік, медициналық қызметтер мен дағдарыс орталығын тарта отырып, көмек көрсетіледі. 144 адам, соның ішінде әйелдер мен балалар қолдау алды.
Мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыс жүргізілуде. Сот 212 құқық бұзушыға қатысты алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға шектеу қойды. Сондай-ақ алкогольдік өнімдерді заңсыз сатудың 22 фактісі анықталды.
Мәселен, ағымдағы жылдың наурыз айында қаланың жергілікті дүкені түнгі уақытта алкогольді заңсыз сату фактісін анықтап, нәтижесінде сот кәсіпкерді алкогольдік ішімдіктерді сатуға лицензиясынан айыра отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Есеп беруші тұлғалармен жұмыс күшейтілді. Полициямен және пробация қызметімен бірлесіп рейдтер, бос орындар жәрмеңкелері, профилактикалық іс-шаралар өткізіледі. Жыл басынан бері 3 бос жұмыс орны жәрмеңкесі өткізілді, 459 жұмыссыз адам қамтылды, 67 жұмыс бағыты берілді.
Жобаны іске асыру жалғасуда және қала тұрғындарының қауіпсіздігін және уәкілетті органдардың профилактикалық жұмысының тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Қостанай облысының прокуратурасы