Прокуратура Перелески ауылындағы амбулаторияның құрылысын бақылауда

Прокуратура Перелески  ауылындағы амбулаторияның  құрылысын бақылауда

Денисов ауданының Перелески ауылында прокуратура органдары заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтарған қаражат есебінен жаңа дәрігерлік амбулатория құрылысы жүргізілуде.

Осы әлеуметтік жобаны іске асыру Перелески ауылының 1700 тұрғынына уақтылы және сапалы алғашқы медициналық көмек алу үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылатын жобаны іске асыру барысы Қостанай облысы прокуратурасының бақылауында.

                                                         Қостанай облысының прокуратурасы