Қостанай облысында мүгедектігі бар азаматтарға арналған «Мүмкіндік» өңірлік акциясы өтті

Қостанай облысында мүгедектігі бар азаматтарға арналған «Мүмкіндік» өңірлік акциясы өтті

Қостанай облысында мүгедектігі бар азаматтарды қолдауға бағытталған «Мүмкіндік» атты өңірлік акция өтті.

Аталған іс-шараға 686 мүгедектігі бар азамат, 110 мемлекеттік орган мен үкіметтік емес ұйым, 176 жұмыс беруші, сондай-ақ 2 жоғары оқу орны мен колледждер қатысты.

Қабылдау қорытындысы бойынша 181 адам жұмыспен қамту және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша түсіндірме алды, 24 адам жұмысқа орналасуға көмек алды, 13 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін грант алуға жәрдем алды, 3 адам мамандық алу үшін жолданды.

Акция барысында азаматтардың бірқатар маңызды мәселелері сол жерде шешімін тапты. Атап айтқанда, біржолғы әлеуметтік көмек рәсімдеу, елді мекендерді абаттандыру, санаторий-курорттық емдеу бойынша кеңестер,

мүгедектер арбасын жөндеу, тұрғын үй көмегін алу үшін құжаттар жинауға жәрдем көрсету.

Алғашқы акция қорытындысы бойынша анықталған проблемалық мәселелер Қостанай облысы прокуратурасының кеңейтілген алқа отырысында, мүгедектігі бар азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен қаралғанын айта кету керек.

Сонымен қатар, цифрландыру аясында облыс әкімдігімен бірлесіп әлеуметтік қызметтерге қол жеткізу үшін «LifeHelper – Өмір көмекшісі» мобильді қосымшасы, сондай-ақ арнайы мекемелердегі тамақтану сапасын бақылауға арналған «As-Qamqorlyk» жүйесі іске асырылуда.

Қостанай облысының прокуратурасы