Қостанай қаласының прокуратурасы салық заңнамасының сақталуын талдау барысында кәсіпкерлік субъектісінің құқықтарының бұзылуын анықтады.
Салық органының бұйрығы негізінде қала кәсіпкерлерінің біріне қатысты хронометраждық зерттеу жүргізілгені анықталды.
Тексеру барысында фискалдық органның лауазымды тұлғалары тексеру объектілерінің кіреберістерін күн сайын мөрлеп отырды.
Алайда, мұндай әрекеттер мемлекеттік кіріс органдарының хронометраждық зерттеу жүргізу тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделмеген.
Салық органының бөлім басшысы орын алған жағдай туралы хабардар етілгеніне қарамастан, бизнес субъектісінің құқықтарының бұзылуына жол бермеу шаралары қабылданған жоқ.
Осыған байланысты, қала прокуратурасы лауазымды тұлғаның әрекетсіздігі үшін әкімшілік іс қозғады, ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 173-бабына сәйкес сараланды.
Материалдар сотқа жолданды.
Қарау қорытындысы бойынша сот қадағалау органының уәждерімен келісіп, лауазымды тұлғаны кінәлі деп танып, 100 АЕК көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындады.
Қостанай қаласының прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және мемлекеттік органдардың заңсыз араласуының алдын алу бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады.
Қостанай қаласының прокуратурасы